Ревматоидный артрит казакша

Ревматоидтық артрит

Ревматоидный артрит казакша

Ревматоидтық артрит – негізінде шеттік ұсақ буындардың симметриялы деструкциялық зақымдануымен және буындардың деформациясымен мінезделінетін жүйелі ауру. Ревматоидтық артритінің бір ерекшелігі – оның зақымдамайтын буыны қалмайды.

Ең ұсақ буындардан (саусақ буындары, жақ буыны, башпай буындарының) бастап, ірі буындардың (тізе, ұршық, омыртқа буындарының) қай – қайсысын болса да күрделі өзгерістерге ұшыратады да, олардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Ұзақ уақыт ауырған буындардың сиқы кетіп, қисайып, жуандап, шорланып түрлері өзгереді. Қимыл аумағы азаяды, қуаты келмейді. Ревматоидтық артрит жиі мүгедектікке әкеп соғады. Көбінесе жастар ауырады, әсіресе әйелдердің көбірек ауыратыны байқалады.

Ревматоидтық артритте бүкіл мүшелер және тіндер зақымданады яғни ол буындар жүрек, өкпе, бүйрек т.б.

Этиологиясы. Әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Дегенмен, ағзадағы созылмалы ошақты жұқпалардың ревматоид артритінің басталып кетуіне түрткі болатыны көптен белгілі. Олардың ішінде В-гемолитикалық стрептококк ерекше орын алады.

Сонымен қатар аурудың дамуына аутоиммундық серпілістер әсер етеді. Ғылыми бақылаулардың нәтижесінде осы аутоиммундық серпілістердің және соған байланысты өзгерістердің бірімен бірі қатынасымен үдере меңдеп отыратын зақымданумен қабыну дәрістерінің негізгі желеушісі екені анықталып отыр.

Бұл дәрістер тек буындарды ғана зақымдап қоймайды, дәнекер тіні бар мүшеледі түгелдей кеулеп зардаптайды. Сөйтіп ревматоид артритімен ауырған адамның бүкіл денесінде ауруға шалдықпайтын бірде бір мүше не жүйе қалмайды, тамыр атаулының бәрі түгелдей дерлік қабынып кетеді.

Сонымен бірге аурудың дамуына тұқым қуалаушылықтың әсер ететіні дәлелденген.

Патогенезі. Буындағы патологиялық өзгерістер негізінен мыналарға саяды: әуелі қабынудың нәтижесінде іркілдек грануляция ағзалары көбейеді де, буын шеміршегін күйретіп жібереді, сүйектің эпифизі бұзыла бастайды.

Буын шеміршегінің бұзылуына оны қоректендіріп тұратын синовий сұйықтығы айналысының немесе дифузиясының кемуі де себеп болады. Буын шеміршегінің құруы мен қабыну дәрісінің дамылсыз дамуы буын сүйектерінің жабысып, қозғалмай қатып қалуына (анкилоз) әкеп соғады. Кейбір буындар ұясынан шығып, кейбірі тарылып (контрактура) қалады.

Бұл дәрістерге демеуші болатын мәнбірлер – буын қалтасы мен буын айналасындағы сіңірлер, бұлшық еттердің патологиялық өзгерістері.

Жіктемесі. Сырқаттың клиникалық белгілеріне қарай бірнеше түрлері байқалады. Көп кездесетін түрі – буын түрі (80 %). Мұнда аурудың басты белгісі – буынның қабынуы мен өзгеруі (деформация). Келесі түрі буын висцералды түрі. Висцералды дегеніміз – ішкі ағзалардың зақымдануы деген сөз.

Сондықтан аурудың бұл түрімен ауырғанда буынмен қоса жүректің (перикардит), өкпенің (плеврит), немесе бүйректің (гломерулонефрит) және тағы да басқа ағзалардың ауыру дәрісіне жалғасуы мүмкін. Кейде ревматоид артриті басқа да жүйелі аурулармен (мысалы, ревматизммен, артроздармен) қосарласуы ықтимал. Бұл ревматоидтық артриттің үйлестірімделген түрі.

Сонымен қоса аурудың ювенилді түрі де кездеседі. Бұл түрімен 16 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Клиникалық бейнесі. Ревматоидтық артриттің ағымында келесі кезеңдер байқалады: жасырынды ағу кезеңі, баяу ағу кезеңі және тез ағу кезеңі.Сырқат уыттану белгілерімен басталады: әлсіздік, басының ауруы, шаршағыш, тамаққа тәбетінің тартпауы, дене қызуының көтерілуі, ұйқысының бұзылуы. Сырқаттың негізгі белгісі ұсақ саусақ пен башпай буындарының зақымдануы.

Буындар зақымдануының өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде қос буындар ісініп, қызарып, ауырсынады. Сырқатқа тән белгі таңертең төсектен тұрғанда науқастың тұла бойы ауырлап, буын – буыны құрысып қалады. Буынның ауырсынуы түннің екінші жартысында және таңертең қатты мазалайды. Күндіз және кешке қарай ауру басылады.

Таңертең буынның құрысуы неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым аурудың меңдеуі басым деген сөз. Сырқаттың алғашқы кезеңінен бастап ақ буын қозғалысы азая бастайды. Буынның толық жазылып бүгілуі қиындап, азапқа айналады. Сырқаттың буынның айналасындағы бұлшық еттер семи бастайды. Өйткені ревматоид артриті тек буындарды ғана зақымдап қоймай, басқа ағзаларға да әсер етеді.

Мысалы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, нағыз терінің қабынуы тағы басқа да жүйелік аурудың белгілері де пайда бола бастайды. Ревматоид артритіне тән белгілердің бірі – ревматоид шорлары деп аталатын белгі. Олар әсіресе шынтақ буынның үстінде пайда болады. Бұл байланған шорлар өкше сіңірінің үстімен желке шандырынан табылуы мүмкін.

Оларды саусақпен басып қарағанда қаттылау, жылжымалы келеді. Көлемі онша үлкен емес, 0,2 – 2 см шамасында болады да ауырмайды. Ревматоид артриітінің клиникалық белгілері де аурудың асқынған кезеңінде айқын көріне бастайды. Буындардың түрі бұзылып, деформацияға ұшырайды. Саусақтар қисайып, қол буындары түгелде өзгеріске түседі.

Екі қолдың басы екі жаққа қарай мыжырая қисайып, морждардың қалақшаларына ұқсап кетеді. Осылай деформацияға ұшыраған қол буындары өз қызметін атқарудан қалады. Онымен қоса буындардың көбі тартылып, кейбірі бітіп анкилозға ұшрайды. Саусақ сүйектері қысқарып, сыртындағы терісі жиырылып кетеді. Сонымен қатар үлкен буындарда патологиялық өзгерістерге ұшырайды.

Сөйтіп, ревматоидтық артриттегі буын өзгерістеріне жатады: остеопороз, буын жықпылының тарылуы, буынның бір – біріне жабысып, қатайып, анкилоздың дамуы. Ревматоид артритінің шарықтау кезеңінде көптеген ішкі мүшелер мен тамырдың зақымдануы да қатар келіп отырады. Тамырлардың қабынуы ревматоид артритіне тән белгілердің бірі деп есептелінеді.

Ревматоидтық артриттің 3 белсеңділік дәрежелерін белгілейді. І дәрежесі (минимальді) – буындардың ауырсынуы орташа, таңертеңгілік сіресу 30 минутқа дейін. ІІ дәрежесі – буындардың ауырсынуы қатты білінеді, сіресу түске дейін мазалайды. ІІІ дәрежесі – зардапты, үздіксіз. Сіресу күні бойы білінеді, науқастың қимылы шектеледі.

Сырқаттың меңдеуіне байланысты буын қызыметінің шамасыздығының үш сатысын бөліп қарау керек. Оның бірінші сатысында (ҚЖ1) науқас адам белгілі қиындықтармен болса да мамандығына байланысты еңбекпен айналыса алады. Екінші сатысында (ҚЖ2) – науқас адам еңбекке жарамсыз болып қалады, бірақ өзіне қызмет көрсете алады. Үшінші сатысында (ҚЖ3) науқас өз бетімен қызмет етуден қалып, кісі қолына қарап қалады.

Дерт анықтамасы. Диагноз қоюға науқастың шағымдары маңызды роль атқарады: қос, ұсақ буындардың зақымдануы, ревматоид шорларының білінуі, таңертеңгі буындардың құрысып – тырысуы. Осымен қатар диагнозды қоюға зертханалық тексерітер көмектеседі: қанда фибриногеннің деңгейі көбейеді, С – реактивті ақуыз білінеді, синовиалды сұйықта ревматоидтық мәнбір табылады.

Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерінде, яғни буындардың рентген суретінде буын бетінде “өрнек” пайда болып, остеопороз, анкилоз белгілері анықталады.

Буын шеміршегі бұзылады, сүйектің эпифизі өзгереді. Шеткі буындардың жағдайын бағалау үшін радиоизотопты әдіспен қолданады.

Зақымданған буынға неғұрлым радиобелсенді зат көп жиналса, соғұрлым ревматоид артриттің белсенділігі жоғары болып табылады.

Асқынулары. Зақымданған буындарда жылауықтар пайда болады. Бұл буындар жиі ойнамалы түрде шығып кетеді. Мойын буындарының зақымдануы миға әсер етуі мүмкін. Сырқаттың ең нақты асқынуы буындардың шорлануы, өйткені олар жиі мүгедектікке әкеп соғады. Сырқаттың висцералды түрінде қан аздық, бүйректе амилоидоз дамиды. Ұзақ емделген науқастарда дәрілердің жағымсыз әсері білінеді.

Емі. Бұл сырқат дами беретін, қозып және қайталап отыратын ауру. Сол себептен ревматоид артритін емдеу оңай шаруа емес. Қазіргі уақытты ешқандай арнаулы ем жоқ. Сырқатты толық жазылдырып жібере алмайды.

Сондықтан ем жинақты болу керек, аурудың түріне, кезеңіне және белсенді дәрежесіне байланысты болу керек. Пайдаланылатын дәрілердің өзі алуан түрлі.

Негізінен дәрі – дәрмектердің мына топтарының емдік қасиеттері дәлелденген деп есептеуге болады: қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер: стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (аспирин, пирозолон қатарындағылар – бутадион, реопирин, бруфен, индометацин және т.б.);

стероидты гормон препараттары (преднизолон, дексаметазон, гидрокортизон, кеналог, дексазон және т.б.); алтын препараттары (кризанол, санокризин). Иммун жүйесін тежеу үшін делагил, плаквенил дәрілерін қолданады (қандағы лейкоциттердің мөлшерін бақылаумен). Осы мақсатпен цитостатиктерді де қолданады.

Дәрілерді әртүрлі жолмен пайдаланады: ішу, егу, буынның ішіне жіберу, фонофорез, ионофорез арқылы және түрлі комбинациялар қолдануға болады. Дәрі-дәрмектерді буын ішіне және буын сыртына қолдану кең жүргізіледі. Ревматоид артритін емдегенде дәрілермен қоса физиотерапиясында кеңінен қолданады. Емдік дене шынықтыру анкилоздардың пайда болуына кедергі жасайды.

Сырқаттың ерте кезінен бастаған жөн. Кейінгі уақытта хирургиялық және радиоизотоптық әдістердің де емге қолданылып жүргенін айта кеткен абзал. Мысалы, хирургиялық тәсілмен буынның синовий қабығын сылып тастау (синовийэктомия) немесе алтынның радиоизотоптық препаратын буынның ішіне жіберу.

Сырқаттың беті қайтқан кезінде (ремиссия) курорттармен санаторийлерге барып емді жалғастыру ләзім (Мойылды, Арасан – Капал, Жартас т.б.).

Алдын алуы. Бұл сырқатты алдын алу үшін жарақаттанудан сақтанып, уақытында ошақты жұқпаларды емдеп отыру керек. Дене шынықтырудың да маңызы өте зор.

Ауру дамыған кезде оның қозуын алдын алу керек. Пациенттер емханада ревматологпен қаралып диспансерлік тізімге алынады.

Көктемде, күзде қабынуға қарсы ем тағайындалынады, емдік гимнастика жүргізіледі, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдетеді.

Бақылау сұрақтары

1. Ревматоид артритінің негізіне жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.

3. Ревматоид артритіне тән клиникалық белгілерді атаңыз.

4. Буын қызметінің жетіспеушілігі (ҚЖ) неше дәрежемен өтеді?

5. Зертханалық тексерісте қандай өзгерістер байқалады?

6. Сырқаттың негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

Предыдущая100101102103104105106107108109110111112113114115Следующая

Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 4305; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ

ПОСМОТРЕТЬ ЁЩЕ:

Источник: https://helpiks.org/6-770.html

Ревматоидті артрит – себептері, симптомдары, диагнозы және емі

Ревматоидный артрит казакша

РЕКЛАМА

Присоединяйтесь к нашей группе на

ЗАРПЛАТЫ ЗА ГРАНИЦЕЙ

Ревматоидті артрит – ревматикалық процесс, көбінесе перифериялық кішкене буындардың эрозиялық-деструктивті зақымдалуымен сипатталады. Ревматоидті артриттің артикула белгілері аяқтар мен қолдардың буындарының симметриялы тартылуын қамтиды, олардың деформациялық өзгерістері.

Сыртқы жүйелі көріністерге серозит кіреді, тері астындағы түйіндер, лимфаденопатия, васкулит, перифериялық невропатия. Диагностика клиникалық бағалауды қамтиды, биохимиялық, радиологиялық маркерлер.

Ревматоидты артрит емдеу NSAID ұзын курстарын талап етеді, Кортикостероидтер, негізгі қорлар, кейде – хирургиялық бірлескен жөндеу. Ауру көбінесе мүгедектікке әкеледі.

Ревматоидті артрит

Себептер, ревматоидты артритке себеп болады, сенімді түрде орнатылмаған. Зақымдалған иммунологиялық реакциялардың мұрагерлік сипаты және инфекциялық агенттердің рөлі анықталды (Эпштейн-Барр вирусы, ретровирус, цитомегаловирус, микоплазма, Герпес вирусы, қызамық және басқалар.).

Ревматоидты артрит патогенезі аутоиммундық реакцияларға негізделген, белгісіз этиологиялық факторларға жауап ретінде дамиды.

Бұл реакциялар өзара байланысты өзгерістер тізбегі арқылы көрінеді – синовия мембранасының қабынуы (синовит), түйіршіктеу тінін қалыптастыру (паннус), оның өсуі мен шеміршек құрылымдарына соңғы бұзылуымен енеді.

Ревматоидті артриттің нәтижесі — анкилоздың дамуы, созылмалы қабыну қабынуы, контрактураа, деформациялар, буындардың субюксациясы.

Ревматоидты артрит жіктелуі

Клиникалық және анатомиялық ерекшеліктер үшін ревматоидті артрит түрін ажыратады:

  • полиартрит ретінде жалғасады, олиго немесе моноартрит;
  • жүйелі симптомдармен сипатталады;
  • диффузиялық дәнекер тін ауруларымен біріктірілген, остеоартрозды деформациялау, ревматизм;
  • арнайы формалар (жасөспірім артриті, Still және Felty синдромдары)

Иммунологиялық сипаттамаларға сәйкес, ревматоидты артрит пен серонегативтің серопозды нұсқалары, сарысудағы және біріктірілген сұйықтықта ревматоидты фактордың табылуы немесе болмауы.

Ревматоидты артрит курсы әртүрлі болуы мүмкін. Жылдам прогрессивті нұсқа жоғары белсенділікпен сипатталады: сүйек тінінің эрозиясы, бірлескен деформация, аурудың 1-ші жылындағы жүйелі зақымданулар. Баяу дамып келе жатқан ревматоидті артрит, тіпті көп жылдар өткен соң буындардағы жалпы морфологиялық және функционалдық өзгерістерге әкелмейді, жүйеге қатысусыз кіріседі.

Клиникалық және морфологиялық өзгерістердің қызметі ревматоидты артритдің үш дәжиі емессін ерекшелендіреді. Ең аз белсенділікпен (Мен тұрмын.) процесі кішігірім бірлескен ауырсыну, Таңертең қаттылықты өту, жергілікті гипертермияның болмауы. Орташа белсенділіктің ревматоидты артриті (II ст.

) тыныштықта және қозғалыс кезінде ауырсынумен сипатталады, көп сағаттық қаттылық, ұтқырлықты шектеу, буындардағы тұрақты экссудациялық құбылыстар, терідегі қалыпты жергілікті гипертермия. Жоғары белсенділік үшін (III ст.

) ревматоидты артрит ауыр артральгиге тән, буындардағы ауыр экссудация, гиперемия және терінің ісінуі, тұрақты қаттылық, мобильділікті күрт шектеу.

Сондай-ақ оқыңыз  Диафрагматикалық қылқанша тітіркенуі

Ревматоидті артритке көмекші функцияларды бұзу дәрежесі бойынша FN I сатысы бар, FN II және FN III. I баптың функционалдық бұзылуы. кәсіби жаттығуды сақтай отырып, қозғалтқыштың минималды шектеулерімен сипатталады.

FN II кезеңінде бірлескен мобильділік күрт төмендейді, тұрақты контурларды дамыту өзін-өзі қамқорлықты шектейді және өнімділіктің жоғалуына әкеледі.

Эпизод FN III ревматоидты артрит буындардың қаттылығын немесе толық қозғалуымен анықталады, өзін-өзі ұстауды жоғалту және осындай науқасқа тұрақты қамқорлық қажет.

Ревматоидты артритдегі аурудың көріністері

Ревматоидты артрит клиникасында доминант — бұл артикулалық синдром (артрит) екі жақты симметриялық қосылыстардың сипаттамалары. Продромды кезеңде шаршау байқалады, қайталанатын артралгия, астения, терлеу, субфебрильді жағдай, таңертеңгі қаттылық.

Ревматоидты артрит дебюті әдетте метеорологиялық факторлардың өзгеруі бар науқастармен байланысты, Жыл мезгілдері (құлдырау, көктемгі), физиологиялық кезеңдер (жыныстық жетілу, босанғаннан кейінгі, климактикалық).

Ревматоидті артрит инфекциясының себебі, салқындату, стресс, жарақат және т.б.

Ревматоидты артритдің өткір және субакуталық дебютінде қызба бар, қатты миальгии және артралгия; нәзік прогрессиямен – өзгерістер ұзақ уақытқа созылады және елеулі функционалдық құнсыздануымен бірге жүрмейді. Ревматоидты артрит клиникасы үшін аяқтар мен қолдардың буындарын тарту тән, білек, тізе және локте қосылыстар; Кейбір жағдайларда зақымдану жамбасқа байланысты, иық және жұлын түйреуіштері.

Ревматоидты артрит кезінде объективті өзгерістер интрартацикулярлық экссудатты жинақтауды қамтиды, ісікті, ауыр пальпация нәзіктігі, қозғалтқыш шектеулері, жергілікті гиперемия және тері гипертермиясы.

Ревматоидті артрит прогрессиясы синовиялы мембрана мен периартикулярлы ұлпалардың фиброзына әкеледі және, нәтижесінде, бірлескен деформацияны дамыту, контрактур, сублухациялар.

Ревматоидті артрит нәтижесі анкилоз және буындардың қозғалмауы болып келеді.

Қол сіңірлерінің синовиальды қабығының бұзылуымен – теносиновит көбінесе карпальдық туннель синдромын дамытады, оның патогенетикалық негізі медицина жүйкесінің оның сығылуының нейропатиясы болып табылады. Сонымен қатар парестезия байқалады, орташа сезімталдықты және ұтқырлықты төмендетеді, индекс және саусақтардың саусақтары; ауырсыну, барлық білекке дейін созылады.

Сондай-ақ оқыңыз  Жұқпалы және аллергиялық миокардит

Ревматоидті артрит кезінде қосымша артикулярлық зақым

Extraarticular әзірлеу (жүйелі) Ревматоидты артритдің серопоздық формасын қатаң ұзартылған курсқа тән көріністер. Бұлшықеттің зақымдануы (интербональды, гипотенар және тенара, білекшенің экстензоры, тікелей феморальды, жамбас) атрофиямен көрінеді, бұлшықет күші мен тонусты азайтады, фокальды миозит.

Ревматоидті артритке тері мен жұмсақ тіндердің қатысуы кезінде эпидермис құрғауы мен жұқаруы пайда болады, қан кету; кіші фокальды некроз зоналық аймақтың болуы мүмкін, дистальды фалангтардың гангренасына әкеледі.

Мыжылған плиталардағы қанмен жабдықтау бұзылса, олардың нәзіктігіне әкеледі, ауырлық және деградация.

https://www.youtube.com/watch?v=jU_56FVPVuE

Ревматоидты артритдің типтік белгілері — тері астындағы диаметрі 0,5-2 см. Ревматоидті түйіндердің дөңгелек формасы бар, қалың текстурасы, ұтқырлық, ауыртпалықсыз, реже – Апоневрозбен біріктіруге байланысты қозғалмалылық.

Бұл құрылымдар бір немесе бірнеше болуы мүмкін, білек пен оксипут аймағында симметриялық немесе асимметриялық оқшаулау бар. Миокардтағы ревматоидті түйіндердің пайда болуы мүмкін, өкпе, жүректің қақпақшалары.

Ревматоидты артритдің өршуімен байланысты түйіндердің пайда болуы, және олардың жоғалуы — ремиссиямен.

Ревматоидті артриттің ең ауыр жолы — әртүрлі формалар, лимфаденопатиямен ағып кетеді, асқорыту трактінің бұзылуы (энетрит, колит, ректалды шырышты амилоидоз), жүйке жүйесі (невропатия, полиневрит, функционалдық автономиялық бұзылулар), тыныс жолдарының қатысуы (плеврит, диффузды фиброз, пневмонит, фиброздық альвеолит, бронхолит), бүйрек (гломерулонефрит, амилоидоз), Көз. Ревматоидты артрит кезінде үлкен тамырлар мен жүрек бөлігінде эндокардит пайда болуы мүмкін, перикардит, миокардит, коронарлық артерит, грануломатозды аортит.

Панортеритке байланысты ревматоидті висцеропатия кезінде полиморфты бөртпе және ультрадыбыс түрінде тері белгілері пайда болады; геморрагиялық синдром (мұрын, жатырдың қан кетуі), тромботикалық синдром (мезентерлік тромбоз).

Ревматоидті артрит асқынулары

Ауыр асқынулар, ревматоидті артритпен туындаған, жүрекке зақым келтіруі мүмкін (миокард инфарктісі, миталь және аорты жеткіліксіздігі, аорталық стеноз), өкпе (бронхопропуляционды фистула), созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, полисерозит, висцеральды амилоидоз.

Ревматоидті артрит диагностикасы

Ревматоидты артрит күдік — бұл ревматологтың консультациясы үшін көрсеткіш. Перифериялық қан анализі анемияны анықтайды; лейкоцитоздың және ESR-нің өсуі ревматоидты артрит қызметінің белсенділігімен тікелей байланысты. Ревматоидты артрит үшін типтік иммунологиялық маркерлер — РҚ анықтау, Т-лимфоциттердің санын азайту, криоглобулинді жақсарту, анти-кератинді антиденелерді анықтау (AKA).

Сондай-ақ оқыңыз  Легионеллез

Ревматоидті артритке арналған рентген критерийлері диффузды немесе эпизедиді остеопорозды анықтайды, артикулярлық шырышты қабатының бұзылуы, маргиналды эрозия. Айғақтарға сәйкес бірлескен МРТ тағайындалды. Интрартикулярлы сұйықтықтың іріктелуі үшін пункция орындалады.

Біріккен сұйықтықтың микроскопиялық зерттеуі ерекше емес қабыну белгілерін көрсетеді.

Ревматоидті артрит кезінде синовиялы мембраналық биопсияны зерттеу гипертрофияны және саңырауқұлақтар санының артуын көрсетеді; плазмалық пролиферация, лимфоидті және интегралдық жасушалар (синовиоциттер) артикулы мембрана; фибринді шөгінділер; Некроз аймақтары.

Ревматоидті артрит емдеу

Ревматоидті артритке арналған терапия негізі жылдам әрекет ету бағытын белгілеу болып табылады (қабынуға қарсы) және негізгі (аурудың бағытын өзгерту) есірткі.

Топқа жоғары жылдамдықты NSAID кіреді (диклофенак, ибупрофен, Напрокссен), Кортикостероидтер, қабыну мен ауырсынуды жеңілдетеді.

Негізгі дәрілерді пайдалану (сульфалазин, гидроксихлорохинді метотрексат, липуномид) ревматикалық артрит ремиссиясына қол жеткізуге және алдын алуға мүмкіндік береді/буындардың деградациясын баяулатады.

Жаңа есірткіге қатысты, ревматоидті артритпен емдеуде қолданылады, биологиялық агенттерді қамтиды, протеин-қабыну цитокинді протеинді блоктау — Некроздың ісік факторы (этанерцепті, infliximab, adalimumab).

TNF inactivator дәрілік препараттар инъекция түрінде енгізіледі және негізгі препараттармен бірге тағайындалады.

Ревматоидті артритке перспективті және перспективалы ем жасуша жасушалық терапия болып табылады, трофизмді жақсартуға және бірлескен регенерациялауға бағытталған.

Ревматоидты артритке арналған препараттарды қабылдаудан басқа, экстракорпоральды гемокоррекция көрсетілген – криогенез, мембраналық плазмоферез, экстракорпоральды фармакотерапия, каскадты плазмалық сүзу.

Ревматоидты артритпен ауыратын науқастар жаттығу терапиясы ұсынылады, жүзу.

Хирургиялық араласу буындардың функциясын және құрылымын қалпына келтіру үшін қолданылады – артроскопия, зақымдалған буындардың эндопротезі.

Ревматоидті артрит болжамдары және алдын-алу

Оқшауланған, 1-3 буындарда орналасқан, ревматоидті артрит кезінде қабынудың айқын көрінісі емес, қолайлы болжам жасауға үміт береді. Полиартриттің ауырлық факторлары болып табылады, қатал және емге төзімді қабыну, жүйелі көріністердің болуы.

Алдын алу әдістерінің болмауына байланысты, Ревматоидты артритдің қайталама профилактикасы ғана мүмкін, ол өрттің алдын алуды қамтиды, диспансерлік бақылау, тұрақты инфекцияның жолын кесу.

Источник: http://mundamedicina.info/awrwlar/revmatoidti-artrit.html

Ревматоидты артрит Орындаған Рахимбаева А ЖМ 11 -004

Ревматоидный артрит казакша

Ревматоидты артрит Орындаған: Рахимбаева А ЖМ 11 -004 -2 к Тексерген: Есіркепова Г. С.

Жоспар:

Ревматоидты артрит Ревматоидты артрит (РА) – синовиалды қабықтың үдемелі қабынуынан шеміршектің бұзылуы және буын сүйектерінің мүжілуі түрінде буындардың зақымдануы арқылы көрініс беретін дәнекер тіннің жүйелі сырқаты.

Буындардың зақымдануы олардың деформациялануына, сіресіміне (контрактурасына), буын қызметінің бүзылуына және шорбуынға алып келеді. РА қазіргі ревматологияның күрделі мәселесіне айналып отыр.

Бұл оның кең таралуына, кез келген жаста, әсіресе еңбекке жарамды жастағы адамдарда кездесуіне, сырқаттың ауырлығына, тез үдеуіне, мүгедектікке жиі соқтыруына байланысты.

эпидемиологиясы ØРА пен популяцияның 1%і ауырады, соның ішінде дүние жүзі бойынша 63 миллион ауруды түзеді. ØӘйел адамдар ер адамдарға қарағанда 3 есе жиі ауырады.

ØБарлық жастағы адамдар ауырады, соның ішінде балаларда да кездеседі ØБасындағы 5 жылдың ішінде науқастардың 50%і мүгедектікпен аяқталады Ø РА көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро 1863 ж

Этиологиясы РА тің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторларға мән беру керек üИнфекциялық агенттер. Иммундық жасуша В лимфациттің зақымдануына байланысты алып келетін вирустар ретровирустар, герпес, қызамық вирусы, цитомегаловирустар жатады.

РАпен ауыратын дардың 80%да Эпштайн Барр вирусына антидене титрінің биіктігі анықталған. üБактериальды инфекциялар β тобына жататын стрептококктар, микоплаз малар üІсік некрозының факторлары. üАпоптоз üГендік ерекшеліктері. РАға шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі. Бұл молуы мүмкін.

НLA жүйесінің антигендік құры лымының ерекшелігінен болуы мүмкін.

Қауіп қатер факторлары v. Жарақат v. Гормондық бұзылыстар v. Генетикалық бейімділік , антиген гистосәйкестілік HLA DRW 4 ревматоидты артритпен ауыратындардың арасында 52% және популяцияда 13% кездеседі. v. Силикоз құрамында кремний оксиді бар өндірістік шаңдардың әсерінен дамитын ауру. РАке ұласатын ревматоидты силикоз немесе силикоартрит силикоз дамиды.

Патогенезі Этиологиялық факторлардың әсерінен аутоиммунды қабыну дамып: • Т лимфоциттердің активтенуі, (Ітипті СР 4 Т хелпері, цитотикалық Т лимфоцит СР 8) • Қабынуға қарсы цитокиндердің көп өндірілуі • Қабынуға қарсы медиаторлардың тапшылығы • Ревматикалық фактор және Lg G (A. M) түзілу үшін В лимфоциттерді белсендіретін Th 2 цитокиндердің көп өндірілуі (интерлейкин 6.

интерлейкин 10) Lg G (A. M) және ревматоидты факторлардың әрекеттесуі эндотелиде жиналатын иммунды кешендердің түзілуіне әкеледі. Иммунды кешен фагоцитозының макрофактары мен нейтрофилдері комплементжүйесінің, кининдердің, қанды ұйытатын плазмалық факторлардың белсенделуіне алып келеді. Аутоиммунды қабыну буын тіндерінің және әр түрлі ағзалардың зақымдануына әкеледі.

Патогенез Вирус және өзге этиологиялық ықпалдар Иммундық жүйенің ген кемістігінен Синовиялық болатын қабықтың бұзылыстар зақымдануы Ревматоидтық фактор түзілуі Иммундық комплекстердің түзілуі Синовиялық қабықта, кейбір тіндерде қабыну Шеміршек пен дамуы мүмкін сұйектің деструкциясы, меңдейтін синовит, висцери т Аурудың клиникалық белгілері

Клиникалық белгісі 1. Аурудың басты клиникалық көрінісі буын ның зақымдануы : танертеңгі уақытта буын ның ауруы, буынның симметриялық зақымдануы, саусақ буынының өзгерістері 1.

20 -30%науқаста ревматоидты түйіндерде кездеседі ауырмайды, диаметрі 2 -3 см жететін түйін түрінде кездеседі шынтақ буынына жақын ахиллова шеміршегінде орналасқан 2. Бұлшықет атрофиясы дамиды 3. Жүрек зақымдану миокардит, перикардит 4.

Өкпенің ревматоидты зақымдануы плеврит түрінде 5. Бүйректің ревматоидты зақымдануы: Шерген, Фелти, Стилл синдромдары бойынша Ы пле

Ревматоиды артритті жіктелуі. ң Клиникасы бойынша 1. Буындығана зақымдайтын РА. Бұл түрінде полиартрит, олигоартрит, моноартрит түрінде білінеді; 2. Жүйелі зақымдану тән РА. Аурудың бұл түрінде буындармен қатар ішкі ағзалар да зақымдалады. РА-тің бұл клиникалық түріне псевдосепсистік, Фельти синдромы секілді ерекше синдромдар жатады; 3. РА-тің басқа аурулармен қоса қабаттасуы.

Бұл ауруларға деформация тудырушы остеоартроз, құздама және дәнекер тіннің жайылмалы аурулары (жүйелі қызыл жегі т. б. ) жатады. 4. Жасөспірімдік (ювенильдік) РА (Стилл сырқатын қосқанда).

Ревматоидтық артриттің екі клиникалық-иммунологиялық түрі бар: қанның сары-суында жэне синовиалдық сұйықтықта ревматоидтық фактордың болуы (серопозитивті) және аталған фактордың болмауы (серонегативті).

жөне рентгендік көрініс 1 сатыға ауырлайды. 3. байқалмайтын • Вакцинация против туберкулеза(БЦЖ-М сүйек эрозиялары, полиартриттің 2 -3 или БЦЖ) жылдың буындардың белгілері жеңіл.

көлемінде деформациялары Бірнеше жылдар • Вакцинация против туберкулеза(БЦЖ-М зақымдау процесі алғашқы жылдың ауру білдірмей жаңадан 2 -3 ішінде-ақ или БЦЖ) Вакцинация против туберкулеза(БЦЖмеңдейді. Буындар буынды қамтиды қалыптасады; 2. Өрістеуі тез 1.

Өрістеуі баяу РА барысыны түрлері: ң висцеральдік белгілер М или БЦ болады; жаңадан қамтитын буындардың саны біреуден артық. Рентгендік көрініс 2 сатыға ауырлайды; буын функциясы 50% -ға төмендейді. шамалы қисаяды, көбіне қол ұшының үсақ буындары жеңіл-желпі, бірақ тұрақты деформацияланады.

РА ның басқада көріністері Жүйке жүйесі Көз құрғақ Қан тамыр өкпеде тері Теріастылық түйіндер жүректе

Буын функциясы бұзылысының үш сатысын бөліп айырған. БФБ I — буындардың қозғалысы шамалы шектеледі, ертеңгілікте біраз уақыт сіреседі. Науқас қиындықпен болса да мамандығы бойьшша еңбекпен айналыса алады.

БФБ III — БФБ II – буындардың қозғалысы едөуір қозғалысы боларшектеледі, тұрақты болмас деңгейде контрактуралар немесе мүлдем калыптасады.

қозғалмайды, науқас Науқас еңбекке өзін-өзі күте жарамсыз, бірақ өзалмайды, кісі өзін күте алады. қолына карап қалады.

Емдеу жолы Емі. Емге негізінен дәрі-дәрмек қолданылады (аурудың түріне, дәрежесіне қарай ацетилсалицил қышқылы, пироксикам, флугалин, индометацин, ибупрофен, вольтарен, напросен, мовалис, неминсулит, преднизолон, делагил, меторексат, азатиоприн т. б. ).

РА терапиясының негізгі бағыттары: организмнің жалпы реактивтілігіне әсер ету, жұқпа ошақтарын жою, буын үдерісін жергілікті емдеу, буын қызметін қалпына келтіру.

Науқасты ауруханаға жатқызуды талап ететін жағдайлар: бірінші рет анықталған РА, РА бар деген күдіктің болуы, висцериттер бар РА, басылмайтын қайталамалы синовит, емхана жағдайында тиісті ем кешенін қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы.

Ем жобасын түзгенде ревматоидтық артриттін түрін, активтілік дәрежесін, науқастың жасын, ілеспелі ауруларын еске алады. Ем бағдарламасы: Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер. Базистік дәрмектер.

Иммундық жүйені реттейтін дөрмектер мен шаралар. Жергілікті ем жөне дөрмектерді буын ішіне енгізу. Физиотерапия. Емдік дене шынықгыру, массаж, еңбекпен емдеу. Санаторлық-курорттық ем. Хирургиялық ем. Реабилитация.

Диспансерлеу.

• напроксен (0, 75 -1 г тәулігіне), вольтарен индометацин (150 мг , тәулігіне) және ибупрофен (бруфен) — (1, 2 -1, 6 г тәулігіне). • метиндол-ретард 0, 075 г, суппозитория түрінде — 0, 075 г немесе вольтарен-ретард 0, 1 г түнге карай бір рет беріледі). • целебрекс 200 мг күніне 2 рет, • нимесулид 100 мг күніне 2 рет.

• Н 2 -гистамин рецепторларының блокаторлары • ранитидин 150 мг екі рет күніне • Протондык помпаның ингибиторлары • омепразолды 20 мг 2 рет күніне Преднизолон — 0, 005 г таблеткада немесе ампулада 1 мл — 30 мг (вена ішіне, бүлшықетке салуға арналған); триамциналон (полькортолон, берликорт, кенакорт) — 0, 004 г таблетка түрінде; кеналог-40 (1 мл 40 мг триамциналон) — бұлшықетке салуға арналған;

Пайдаланған әдебиеттер Касенова Ішкі аурулар Калимұрзина Ішкі аурулар Вопросы клинической ревматологии. Б. Г. Исаева mages. yandex. ru google. ru tubunet. ru http: //ru. wikipedia. org/wiki/Ревматоидный_артрит

Источник: https://present5.com/revmatoidty-artrit-orynda%D2%93an-raximbaeva-a-zhm-11-004/

Ревматоидты артрит туралы мәлімет

Ревматоидный артрит казакша

Ревматоидты артрит — буынды зақымдайтын созылмалы аутоиммунды қабыну ауруы. Буынға диагноз қою және оны емдеу қиын, өйткені оның симптомдарына «құйылулар және шығарылулар» тән.

Ревматоидты артрит — әртүрлі қантамырларды зақымдайтын және қабыну сипатында болатын өте кең таралған ауру. Ревматоидты артрит бүкіл әлемде кең таралған, және оған 100 адамның бір-екеуі ғана үшыраған, сонымен қатар науқастардың арасында әйелдер ер адамдарға қарағанда 2-3 есе көп.

Ревматоидты артрит — әдетте алғаш рет 30-дан 50 жасқа дейін көрініс беретін созылмалы ауру. Ол балаларды да зақымдауы мүмкін, бірақ ювенильді (жасөспірімдік) ревматоидты артрит атауына ие ерекше түрде болады.

Бұл жауыз ауру, өйткені оның симптомдары — буындардың ісінуі, ауруы және сіресіп қалуы — баяу дамиды, және бірнеше апта ішінде қайтады және ай ішінде айтарлықтай болады.

Ең бірінші, көбіне қол мен аяқтардың ұсақ буындары ісінеді, ал содан кейін ол тізе және сандардағы өте ірі буындарға ауысады.

Уақыты келгенде бұл ауру буындардың бұзылуына және деформациясына әкелуі мүмкін. Ревматоидты артрит буындардың әртүрлі мөлшерін, әдеттегідей бесеуден көбін зақымдайды.

Аутоиммунды бұзылыстар

Ревматоидты артрит — бұл аутоиммунды   бұзылыс,   мұндайда адам организмі өз тіндерін  анықтап  айыра алмайды және оларды жою үшін антиденелер (аутоантиденелер) түзеді.

Бұл жағдайда синовиальді жарғақша (буын-қуысының ішкі жағын қаптап жатқан жарғақша) зақымданады, бұл буындардың қабынуына және зақымдануына әкеледі.

Антиденелер басқа тіндерді де, көбіне жүректі және қантамырларды нысана ретінде таңдауы мүмкін.

Ревматоидты артриттің себептері

Адамда ревматоидты артриттің пайда болуының дәл себептері күні бүгінге дейін белгісіз болса да, осы аурумен байланысты бірнеше факторларды бөліп көрсетуге болады.

Ревматоидты фактор: Ауру барысында емделушілердің 75-80%-ның қанында ревматоидты фактор (РФ) деп аталатын аутоантидененің деңгейі жоғары болатыны анықталды. Алайда жоғары РФ басқа да жұқпалы және аутоиммунды ауруларда да кездесуі мүмкін, сондықтан ол диагноз қою үшін сенімді және дәл көрсеткіш бола алмайды.

Цитокинез: Макрофагтармен (организміміздің қорғаныш жасушаларымен) бөлініп шығатын химиялық заттар қабынуға қарсы цитокиндер (мысалы, TNFalpha, IL-1) деп аталады. Олар, сірә, буындарда созылмалы қабыну үдерісінің пайда болуымен және дамуымен байланысты.

Жұқпалы фактор: Парвовирус («бетті шапалақтау» деп аталатын әсерді туындататын вирус), қызамық (неміс қызылшасы) және АИТВ жұқпа сияқты көптеген вирусты жұқпалар жедел полиартриттің (бірқатар буындарды зақымдайтын ревматизмдік аурулар) дамуымен байланысты екендігі анық. Ғалымдар көптеген жұқпалы факторлардың ревматоидты артритпен біршама байланысты екенін, бірақ ол тікелей қоздырғыш еместігін де айтады.

Генетикалық бейімділік: Ревматоидты артрит көбіне отбасында бұрын осы ауру жағдайлары болған адамдарда кездеседі. Зерттеулер қанында HLA класына жататын белгілі бір антигені бар адамдардың бір тобы осы ауруға өте бейім болатындығын көрсетті.

Симптомдары және асқынулары

Әдеттегідей, ревматоидты артрит баяу өтіп, клиникалық симптоматиканың біртіндеп жайылуымен баяу өтеді. Мұндай «құйылулар және шығарылулар» диагноз қоюды және емдеуді қиындатады. Аурудың өзіне тән белгілері мыналар болып табылады:

  • Қимыл-қозғалыс кезіндегі ауру;
  • Буындардың таңертеңгілік қозғалтпауы;
  • Буындардың ісінуі.

Әдетте буындардың ісінуі симметриялы, яғни егер оң жақ колдың буыны ауырса, сол жақтағы сол буын да ауруы тиіс. Басқа да жиі кездесетін симптомдар: температураның жоғарылауы, тәбеттің болмауы, қатты қажу, әлсіздіктің басым болуы немесе аурудың дамуымен қатар жүруі мүмкін.

Бұл ауру ең алдымен буындарды зақымдағанмен, ол басқа организмдерге де әсерін тигізе бастайды. Буыннан тыс көріністер — мыналар:

  • Түйіндер — қысым көп болатын жерлерде, әсіресе шынтақтарда қатты қатаюлар, бірақ олар өкпеде де, жүректе де және склерада да (көздің ақуыз қаоығы) пайда болуы мүмкін.
  • Жүрек-қантамыр жүйесі -перикардит, яғни перикардтың (жүрек айналасындағы қалта) қабынуы науқастардың 10%-да дерлік дамиды. Атеросклероз да (коронарлы артерияларда май түйіндақтарының түзілуі) ревматоидты артрит көріністерінің бірі.
  • Көз — эписклераның (көз ақуызының жарғақшасы) қабынуы артриттегі жиі асқыну болып табылады. Ақуыздың қызаруымен қатар жүрсе де, әдеттегідей оңай қайтады.
  • Васкулит — васкулиттің ең кең таралған көріністері қантамырлардың қабыну салдары ретінде пайда болған саусақ үштарындағы ойық жаралар болып табылады.
  • Өкпенің аурулары — өкпеде сұйықтық (плевральды эффузия) түзілуі мүмкін. Фиброзданатын альвеолит (өкпе қалталары — альвеолалар қабырғаларының қабынуы) сирек кездеседі.
  • Неврологиялық асқынулар -жүйкелердің қысылуы жәңе білезік өзектері синдромымен қатар аяқтардың үюы ревматоидты артрит салдарынан болады.
  • Остеопороз — дәрігерлер қазірде көбіне бүл асқыну сол аурудың өзінің салдары, сондай-ақ стероидтармен емдеу әсерінен болады деп есептейді.
  • Гематологиялық асқынулар — қанның қызыл денешіктері, яғни түйіршіктері түзілуінің бұзылуынан және анемияның дамуынан болуы мүмкін. Тромбоцитоз — қанда тромбоциттер санының жоғарылауы байқалады.
  • Съегрен синдромы — емделушілердің шамамен 10%-да сілекей және көз жасы бездерінің қабынуы пайда болуы мүмкін.

Дәрігерлер буындарының ауруына шағымданатын емделушілерге ауру тарихын білген кезден бастап мұқият тексеру жүргізеді. Содан кейін 1987 жылы Американың ревматологиялық колледжі бөліп көрсеткен ауру белгілерін анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Кемінде алты апта бойы ең болмағанда келесі симптомдардың төртеуі болса, аурудың бар екендігін айғақтайды:

  • Буындардың және оның айналасындағылардың таңертеңгі уақытта қозғалтпай қалуы, оның жеңілдеуі кем дегенде бір сағатқа созылады;
  • Дәрігерге қаралғанда үш және одан көп буындардың айналасындағы жүмсақ тіндердің ісінуі;
  • Саусақтардағы немесе білезіктегі буындардың ісінуі;
  • Буындардың симметриялық ісінуі;
  • Ревматоидты түйіндер;
  • Қанда ревматоидты фактордың болуы;
  • Эрозиялар (сүйектердің зақымдануы) және алақан және білезік буындары айналасындағы сүйек массасының жоғалуы (остеопения).

Рентген жұмсақ тіндердің ісінуін ғана көрсетіп, аурудың айқын көрінісін көрсете алмаса да, жоғарыда аталған симптомдардың кейбірі рентген арқылы анықталады.

Дәрігер қан талдауын алуы және синовиальды сүйықтықтың бар-жоқтығына тест жүргізуі мүмкін.

Осы симптомдардың бірде-біреуі диагноз қою үшін жеткілікті негіз болмағандықтан, дәрігердің қарап тексеру мен зертханалық зерттеу нәтижелерін біріктіріп болжам жасауына тура келеді.

Ревматоидты артритті емдеу

Ревматоидты артритті емдеу әрбір жеке адамдағы осы аурудың жекелей сипатына байланысты және ол кешенді сипатқа ие, өйткені емделуші бірден бірнеше маманға қаралуы тиіс.

Ревматоидты артрит — бұл ұзақ емдеуді қажет ететін созылмалы ауру. Негізгі емді таңдау әр адамда жекелей жүзеге асады және аурудың ауырлығына, науқастың жасына және жалпы денсаулығы жағдайына байланысты.

Дәрігерлер әрбір нақты жағдайда аурудың қалай өтетіндігін алдын ала дәл айта алмайды, бірақ медицинада «аурудың клиникалық көрінісі» деп аталатын бірқатар жалпы заңдылықтар бар.

Бірқатар жағдайларда шамамен бір жылдан соң, әсіресе ревматоидты артритке шалдықпаған адамдарда ауру өздігінен жазыла бастайды. Кейбіреулерде аурудың жіті ұстамалары біршама тыныштық кезеңімен алмасып отыруы мүмкін — аурудың бұлай өтуі аурудың қайталануының ұзаққа созылуы деп аталады.

Ақырында, кейбір емделушілерде тұрақты және үдемелі симптомдардың «толқын тәрізді» ұлғаюы орын алады.

Жалпы алғанда, емделушілердің шамамен төрттен бірінде белсенді өмір сүру салты сақталады, 40%-ында ауру жеңіл түрде көрініс береді, тағы 25%-ында буындардың күрделі зақымдануынан еңбекке қабілеттілігінің едәуір жоғалуына әкеледі, ал 10% жағдайда науқастар мүгедектер креслосына таңылады.

Артриттің мүгедектікке әкелуі мүмкін ауыр түрлерінің дамуына жол бермеу үшін, оны дер кезінде, яғни аурудың ерте сатыларында білу және тиісінше ем жүргізу өте маңызды.

Мұндайда көптеген мамандардың күш біріктіруі қажет — әдетте олардың тобына кеңес беретін ревматолог, хирург, осындай науқастармен жұмыс жасауға арнайы дағдыланған медбикелер, дәрігер-физиотерапевт, емдеу-сауықтыру гимнастикасы бойынша маман және еңбекпен емдеу және әлеуметтік қызметкерлер кіреді.

Емделуші мен медицина қызметкері арасындағы жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Емделушілерді осы аурудың және оның асқынуларының ерекшеліктерімен таныстыратын оқу бағдарламасы маңызды рөл атқарады.

Алғашқы емдік шаралардың бірі — зақымданған буындарға түсетін жүктемені азайту. Ауыратын буындарға түсетін жүктемелерді азайту әдістері:

  • Қалыпты салмақты сақтау. Артық салмақ немесе семіздік зақымданған қантамырларға түсетін жүктемені ұлғайтады, сондықтан егер сіз дәрігердің ұсынысымен салмағыңыңызды бірнеше келіге азайтсаңыз, онда ол өте пайдалы болуы мүмкін;
  • Демалыс және тыныштық;
  • Орташа дене жаттығулары науқастың жалпы жағдайы үшін жағымды, өйткені ол буындардың бүгілгіштігін сақтайды және бүлшықет салмағының жоғалуына жол бермейді. Алайда буындар қабынғанда ауру мен қабыну үдерістері қайтқанша ауыр дене жаттығуларын жасауға болмайды, әйтпесе денсаулыққа үлкен нұқсан келтіретін қауіп туындайды;
  • Жүрген кезде таяқ немесе тіреуіш балдақ пайдалану;
  • Физиотерапевтке немесе еңбекпен емдеу маманына қаралу. Олардың нұсқаулары буындардың бүгілгіштігін сақтауға және аурудың әрі қарай дамуын тоқтатуға жәрдемдеседі. Еңбекпен емдеу дәрігерлері ревматоидты артриті бар адамдардың күнделікті міндеттерін атқаруын жеңілдету үшін жәрдемдесетін әртүрлі құрылғыларды таңдап алады.

Ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылатын медициналық препараттардың үш түрі бар: қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД/NSAIDs), кортикостероидтар және иммунды жүйені (DMARDs) басым ететін ревматизмге қарсы дәрілер.

Источник: https://ikaz.info/revmatoidty-artrit-turaly-malimet/

О Суставах
Добавить комментарий